«Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 772 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 шілдедегі № 476 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 772 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) Астана қаласының аумағында қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекарада орналасқан.
АЭА-ның аумағы 631,92 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлiгi болып табылады.»;
4-тармақта:
22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«22) инфрақұрылымдық объектілерді, сондай-ақ осы тармақтың 1) - 26) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруға тікелей арналған объектілерді жобалау-сметалық құжаттама шегінде салу және пайдалануға беру;»;
мынадай мазмұндағы 23), 24) 25) және 26) тармақшалармен толықтырылсын:
«23) әкімшілік және тұрғын үй кешендерінің, жоғарғы және орта оқу орындарының, көпфункционалдық жабық бульвар құрылысы;
24) фармацевтикалық өнімдер өндірісі;
25) медициналық және стоматологиялық құралдар және жабдықтар өндірісі;
26) үйлер мен ғимараттар құрылысы, азаматтық құрылыс және мамандандырылған құрылыс жұмыстары.»;
«Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағының жоспары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;