Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 772 Қаулысы
(2025.14.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2020.06.04. № 177 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2024.30.01. № 46 Қаулысымен (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2042 жылға дейінгі кезеңге «Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағы құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
«Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже, оның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің шекті деңгейі;
«Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже, оның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің шекті деңгейі бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 24 қарашадағы
№ 772 қаулысымен
бекітілген
«Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағы туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2018.31.07. № 476 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2019.22.10. № 780 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.06.04. № 177 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2024.30.01. № 46 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2025.27.01. № 25 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2025.14.03. № 144 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2025.14.05. № 336 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. «Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекараларда Астана қаласының аумағында орналасқан.
АЭА порттық арнайы экономикалық аймақ болып табылады.