«Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 772 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 22 қазандағы № 780 Қаулысы
«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 772 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) Нұр-Сұлтан қаласының аумағында қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекарада орналасқан.»;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) инвестицияларды тарту, қолда бар және тартылған озық технологияларды, ноу-хау пайдалану, заманауи инфрақұрылымды құру жолымен Нұр-Сұлтан қаласын инновациялық дамыту;»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. АЭА-ны мерзiмiнен бұрын тарату «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.»;
«Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің шекті деңгейі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) Нұр-Сұлтан қаласының аумақтық шекарасының шегінде қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекарада орналасқан.