Аягөз аудандық мәслихатының 2021 жылғы 21 қазандағы № 8/124-VII «Аягөз ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Абай облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2023 жылғы 4 мамырдағы № 3/23-VIII шешімі
Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Аягөз аудандық мәслихатының 2021 жылғы 21 қазандағы № 8/124-VII «Аягөз ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №25072 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аягөз аудандық мәслихат төрағасы | А. Ибрайшин |
Аягөз аудандық мәслихатының
2023 жылғы 4 мамырдағы
№ 3/23-VIII шешіміне
қосымша
Аягөз аудандық мәслихатының
2021 жылғы 25 қазандағы
№ 8/124-VII шешімімен
бекітілген