Тараз қаласында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы
Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 9-5 шешімі
(2022.30.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 4 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық- педогогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабының 4-тармақшасына сәйкес, Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың ата-аналарың және өзге де заңды өкілдерінің жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тоқсан сайын алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.
Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2020.21.08. № 61-5 шешімімен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2022.30.03. № 13-6 шешімімен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудың келесі тәртібі айқындалсын:
Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) мүгедек баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде тоқсан сайын «Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі.