Барлық кандидаттар үшiн үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы
Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 23/01 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес барлық кандидаттар үшiн үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
2. Шахтинск қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 2 шілдедегі № 33/05 «Барлық кандидаттар үшiн үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23293 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Шахтинск қаласының әкімі | М. Кыдырганбеков |
«КЕЛІСІЛДІ»
Шахтинск қалалық
сайлау комиссиясы
Шахтинск қаласы әкімдігінің
2025 жылғы 30 мамырдағы
№ 23/01 қаулысына қосымша
Барлық кандидаттар үшiн үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
Шахтинск қаласы мен жапсарлас Долинка, Новодолинский, Шахан кенттерінде келесі мекенжайларда орналасқан стендтер, тақталар, тұғырлықтар:
1) Шахтинск қаласы, 40 лет Победы көшесі, № 44 үй аймағы;