Барлық кандидаттар үшiн үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы
Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 2 шілдедегі № 33/05 Қаулысы
Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 23/01 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес барлық кандидаттар үшiн үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
2. Шахтинск қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 2 наурыздағы № 6/1 «Үгіттік материалдарды орналастыру үшін орын белгілеу және сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-8-93 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Шахтинск қаласының әкімі | А. Халтонов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Шахтинск қалалық
сайлау комиссиясы
Қарағанды облысы
Шахтинск қаласының әкімдігінің
2021 жылғы 2 шілдедегі
№ 33/05 қаулысына қосымша
Барлық кандидаттар үшiн үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
Шахтинск қаласы мен жапсарлас Долинка, Новодолинский, Шахан кенттерінде келесі мекенжайларда орналасқан стендтер, тақталар, тұғырлықтар: