Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелері қызметкерлерінің лауазымдары үшін біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2013 жылғы 28 тамыздағы № 90 бұйрығы
(2016.05.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 12 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 29-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңының 11-бабының 4) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелері қызметкерлерінің лауазымдары үшін біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Кадр жұмысы департаментінің бастығы осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуге шаралар қабылдасын.
3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің барлық қызметкерлері таныстырылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаментіне жүктелсін.
5. Аталған бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры | А. Дауылбаев |
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы
А. Байменов
29 тамыз 2013 жыл
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2013 жылғы 28 тамыздағы
№ 90 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының прокуратура органдары мен
ведомстволары мен мекемелері қызметкерлерінің лауазымдары үшін
біліктілік талаптары
1. Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелері қызметкерлерінің лауазымдары үшін біліктілік талаптары (бұдан әрі - біліктілік талаптары) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 29-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.
ҚР Бас прокурорының 2016.05.02. № 27 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)