Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанынан Ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңес құру туралы Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 13 қарашадағы № 385 бұйрығы
«Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы Ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңес (бұдан әрі - Салалық кеңес) құрылсын.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Салалық кеңес туралы ереже бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ғылыми қамтамасыз ету басқармасы Салалық кеңестің жұмысын қамтамасыз етсін.
4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Салалық біліктілік шеңберлерін және кәсіптік стандарттарды әзірлеу жөніндегі жобалау тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 153 бұйрығы;
2) «Салалық біліктілік шеңберлерін және кәсіптік стандарттарды әзірлеу жөніндегі жобалау тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2022 жылғы 12 мамырдағы № 153 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2023 жылғы 31 наурыздағы № 114 бұйрығы.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2023 жылғы 13 қарашадағы
№ 385 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ауыл
шаруашылығы және ветеринария саласындағы кәсіптік біліктіліктер
жөніндегі Салалық кеңестің құрамы
Салалық кеңес төрағасының орынбасары
| Бағлан Әбдәшімұлы Бекбауов | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
Салалық кеңестің мүшелері