Салалық біліктілік шеңберлері мен кәсіптік стандарттарды әзірлеу жөніндегі жобалау тобын құру туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 153 бұйрығы
(2023.31.03. берілген өзгерістермен)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 13 қарашадағы № 385 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Л. Тоғжановтың төрағалығымен өткен кадрлар даярлау мәселелері жөніндегі кеңестің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 21-05/05-3205 хаттамасын орындау үшін, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда Салалық біліктілік шеңберлерін және кәсіптік стандарттарды әзірлеу жөніндегі жобалау тобы (бұдан әрі - Жобалау тобы) құрылсын.
2. Жобалау тобы:
1) кәсіптік стандарттарды әзірлеуді/өзектендіруді қамтамасыз ету талап етілетін кәсіптер тізбесін айқындасын;
2) салалық біліктілік шеңберлерін әзірлесін;
3) кәсіби стандарттарды әзірлесін/өзектендірсін;
4) ұйымдарда кәсіби стандарттардың қолданылуын сынақтан өткізсін және талдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023.31.03. № 114 бұйрығымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2022 жылғы 12 мамырдағы
№ 153 бұйрығына қосымша
Салалық біліктілік шеңберін және кәсіптік стандарттарды әзірлеу
жөніндегі жобалау тобының құрамы
| Бекбауов Бағлан Әбдашымұлы | - | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі, жобалау тобының басшысы |
| Қосқараева Шарбан Сапарқызы | - | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ғылыми қамтамасыз ету басқармасының басшысы |
| Тлебалдин Олжас Батырханұлы | - | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Өңірлерде АӨК-ні дамыту және кооперация басқармасының басшысы |