Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 11 қазандағы № 273/НҚ бұйрығы
(2025.09.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2025 жылғы 15 сәуірде және 30 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 5 тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі - тізілім) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Экономикалық шоғырлану және мемлекеттік кәсіпорындарды бақылау департаменті осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде тізілімді Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының м.а. 2023.24.05. № 125/НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2023.19.06. № 158/НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасының 2023.02.11. № 267/НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2023.11.12. № 305/НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2024.16.01. № 24/НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2024.12.03. № 67/НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2024.23.05. № 126/НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2024.24.09. № 214/НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2024.24.10. № 238/НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2025.08.01. № 9/НҚ бұйрығымен (2025 ж. 9 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тізімі өзгертілді
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту
агенттігі төрағасының
2022 жылғы 11 қазандағы
№ 273/НҚ бұйрығымен