Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

«Қарағанды облысында карантиндік және шектеу шаралары туралы» Қарағанды облысының Бас санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 31-Қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қарағанды облысының Бас санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі № 33-Қ Қаулысы (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
«Қарағанды облысында карантиндік және шектеу шаралары туралы» Қарағанды облысының Бас санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 31-Қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қарағанды облысының Бас санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі № 33-Қ Қаулысы (күші жойылды)

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Медицина-корпоративный, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

«Қарағанды облысында карантиндік және шектеу шаралары туралы» Қарағанды облысының Бас санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 31-Қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қарағанды облысының Бас санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі № 33-Қ Қаулысы

 

Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2021 жылғы 7 қазандағы № 35-Қ Қаулысымен күші жойылды

 

Мен, Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Залыгин Ю.Л., «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 43 қаулысы негізінде, Қарағанды облысының тұрғындары арасында COVID-19 (бұдан әрі - COVID-19) коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қарағанды облысындағы шектеу және карантиндік шаралар туралы» Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 31-Қ қаулысына (бұдан әрі - қаулы) өзгерістер мен толықтырулар енгізу:

1) қаулының 17-тармағының 17.39-тармақшасы алып тасталсын;

2) қаулының 21-тармағының 21.5-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«COVID-19-ға күдікті науқас тіркелген жағдайда қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіпті сақтау COVID-19 науқастардан материал алу және тасымалдау кезінде осы қаулының 22-қосымшасына сәйкес COVID-19 ошақтарында дезинфекциялық іс-шаралар жүргізу;»;

3) қаулының 50-қосымшасы осы қаулыдағы 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3. Осы қаулының қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

 

 

Қарағанды облысының бас

санитариялық дәрігері

 

Ю.Л. Залыгин

 

Қарағанды облысының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 22 қыркүйектегі

№ 33-Қ қаулысына

1 қосымша

 

Бас мемлекеттік санитариялық

дәрігердің Қарағанды облысы

2021 жылғы 27 тамыздағы

№ 31-Қ қаулысына

50 Қосымша

 

 

COVID-19-ды жұқтыру тәуекелі жоғары болған

адамдар үшін оқшаулау тәртібі

 

I. COVID-19-ды жұқтыру тәуекелі жоғары болған адамдарды оқшаулау тәртібі

1. COVID-19-бен ауыратын пациентпен жақын байланыста болған адамдарда COVID-19-ды жұқтыру тәуекелі жоғары болады.

COVID-19 расталған жағдайының жақын байланысы:

- COVID-19 жағдайымен бір тұрғын үйде бірге тұратын адам;

- COVID-19-бен ауыратын науқаспен немесе COVID-19 жағдайының инфекциялық бөлінділерімен қорғалмаған тікелей байланыста болған адам (мысалы, жөтелу, қол алысу кезінде және т.б.);

- ЖҚҚ (қорғаныш маскасын) пайдаланбай жабық үй-жайда (мысалы, сыныпта, кеңеске арналған бөлмеде, ауруханадағы күту бөлмесінде және т.б.) COVID-19 жағдайымен бірге 15 минут немесе одан көп уақыт ішінде 1,5 метрден кем қашықтықта болған адам;

- COVID-19 жағдайына тікелей күтімді қамтамасыз ететін медицина қызметкері немесе басқа да адам немесе ұсынылған ЖҚҚ-сыз не ЖҚҚ-ны қолдануды бұзу мүмкіндігімен COVID-19 жағдайының биоүлгілерімен жұмыс істеген зертхана мамандары;

- ұшақта, қалааралық қатынастағы автобуста, поезда, COVID-19-бен ауыратын науқастан кез келген бағытта екі орындық қашықтықта болған байланыста болған адам, сондай-ақ COVID-19-бен ауыратын науқас ұшқан ұшақтың секциясына қызмет көрсеткен экипаж мүшелері ретінде айқындалады.

Жақын байланыста болғандарды анықтау үшін эпидемиологиялық байланыстарды тергеп-тексеру кезеңі COVID-19 жағдайы анықталғанға дейін 14 тәулік бұрын басталуы және COVID-19 жағдайын оқшаулау сәтімен аяқталуы тиіс.

2. COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдарға қатысты шаралар (жақын байланыс):

1) COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдар (жақын байланыс) 14 күнге үйде оқшаулауға (үй карантині) жатады.

Оқшаулаудың 3-ші күні ПТР әдісімен COVID-19-ға байланыста болған адамды (жақын байланыс) зертханалық тексеру үшін сынама алу жүргізіледі. ПТР зерттеу теріс болған жағдайда МСАК маманы күн сайын 14 күн бойы телефон арқылы байланыста болған адамнан оның денсаулық жағдайын (дене температурасы, ауру белгілерінің болуы) нақтылайды, 14 күн өткеннен кейін COVID-19 белгілері болмаған жағдайда карантин мен оқшаулау аяқталады. ПТР-зерттеудің оң нәтижесі болған кезде МСАК маманы Санитариялық-эпидемиологиялық комитеттің аумақтық бөлімшесіне COVID-19-бен ауыратын науқасқа жедел хабарлама береді.

2) COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болған кезде COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдар (жақын байланыс) МСАК маманының медициналық тексеруіне жатады. COVID-19 белгілері болмаған кезде байланыста болған адамдар үй карантиніне оқшауланбайды, COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізілмейді, МСАК маманы күн сайын 14 күн бойы телефон арқылы байланыста болған адамнан оның денсаулық жағдайын (дене температурасы, ауру белгілерінің болуы) нақтылайды. Аурудың белгілері пайда болған кезде байланыста болған адам ПТР-тест нәтижелерін алғанға дейін ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеруге және үйде оқшаулауға (үй карантині) жатады. COVID-19 диагнозы расталған кезде МСАК маманы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне COVID-19-бен ауыратын науқасқа шұғыл хабарлама береді.

3. Симптомсыз вирус тасымалдаушылық кезінде пациент амбулаториялық жағдайда медициналық бақылауға және осы қаулыға 36-қосымшаға сәйкес оқшаулау жағдайлары болған кезде COVID-19-бен ауыратын науқаспен соңғы байланыста болған сәттен бастап 14 күнге үйде оқшаулауға (үй карантині) жатады. Бекітілген алгоритмге сәйкес тәуекел факторлары болған және үйде оқшаулау үшін жағдайлар болмаған кезде емдеуге жатқызу туралы шешімді МСАК маманы әрбір жағдайда жеке қабылдайды.

Учаскелік терапевт күн сайын коронавирустық инфекцияның клиникалық симптомдарының болуына үй карантиніндегі симптомсыз вирус тасымалдаушыға қоңырау шалуға міндетті.

COVID-19-бен ауыратын науқаспен соңғы байланыста болған сәттен бастап 14 күн ішінде клиникалық симптомдар болмаған жағдайда карантин аяқталады.

Карантин аяқталған кезде МСАК маманы симптомсыз вирус тасымалдаушыға COVID-19 профилактика шараларын сақтау қажеттілігі туралы ұсынымдар береді (медициналық масканы, антисептиктерді пайдалану, қол гигиенасы, әлеуметтік қашықтық).

Үй карантиніндегі симптомсыз вирус тасымалдаушыда аурудың клиникалық белгілері пайда болған кезде (дене температурасының 38 градусқа дейін және одан жоғары көтерілуі, тамақтың жыбырлауы және/немесе ауыруы, әлсіздік, жөтел, бас ауыруы, ентігу, тыныс алудың қиындауы және коронавирустық инфекцияның басқа да симптомдары) учаскелік терапевт Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне COVID-19-бен ауыратын науқасқа жедел хабарлама береді.

Жедел хабарлама келіп түскен Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі осы COVID-19-бен ауыратын науқасты тіркеуді және есепке алуды жүзеге асырады, оны симптомсыз вирус тасымалдаушылардың есебінен алып тастайды, сондай-ақ симптомсыз вирус тасымалдаушылық жағдайларының манифестік нысандарға (симптомдары бар жағдайлар) ауысуының жеке статистикасын жүргізеді.

 

COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адамның және шетелден

Қазақстан Республикасына авиарейстермен келген адамның қолхаты

 

Елді мекен ______________                                  20___ жылғы «___» _______________

Мен ______________________________________, ЖСН: ___________________________,

                    (Т.А.Ә. (бар болған кезде)

___ ____ ____ жылы ҚР ІІМ/ӘМ берген № __________________ төлқұжат/жеке куәлік, __________________ мекенжайында тіркелгенмін, нақты _________________________ мекенжайында тұрамын. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 20__ жылғы ________ № ______ қаулысымен бекітілген COVID-19 эпидемиялық тәуекелі жоғары адам ретінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша міндеттемелерді қабылдаймын. Дербес деректерді өңдеуге келісім беремін.

Отбасының/үй шаруашылығының кез келген мүшесінде температурасы немесе әлсіздік белгілері пайда болған кезде карантин туралы хабардар етіп және жүгіну себебін көрсете отырып, COVID-19 бойынша колл-орталыққа дереу жүгіну немесе жедел жәрдем шақыру қажет екендігі туралы хабардар етілдім.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының өз құзыреті шегінде заңды талаптарын немесе қаулыларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылықтың болуы туралы хабардар етілдім.

ӘҚБтК-нің 462-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік жауапкершіліктің болуы туралы, мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің құзыретіне сәйкес қызметтік міндеттерін орындауы үшін қажетті құжаттарды, материалдарды, статистикалық және өзге де мәліметтерді, ақпаратты беруден бас тарту не дәйексіз ақпарат беруден бас тарту түріндегі кедергі келтіруге тыйым салу туралы хабардар етілдім.

Сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабына сәйкес билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылықты қолданғаны үшін қылмыстық жауаптылықтың бар екендігі туралы хабардар етілдім.

 

Күні: ___________

Қолы __________».

Добавить в список основных источников в Google

Документ утратил силу
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!