Малдардың асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығы
(2019.15.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 28 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016.27.05. № 239 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016.27.05. № 239 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015.25.12. № 3-3/1119 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016.27.05. № 239 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Малдардың асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі мыналарды:
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес сүтті және сүтті-етті бағыттағы ірі қара малды;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес етті бағыттағы ірі қара малды;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес биязы жүнді қойларды;
осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес биязылау жүнді қойларды;
осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес құйрықты қойларды;
осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес қаракөл қойларды;