Ұлытау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы
Ұлытау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 18 мамырдағы № 26 шешімі
(2025.30.06. берілген өзгерістермен)
Ұлытау облыстық мәслихатының 2023.06.10. № 67 шешімімен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 24 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлігі), Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 «Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларын және «Ағаштарды кесуге рұқсат беру»мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 болып тіркелген) сәйкес;
1. Ұлытау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы | Б. Шингисов |
Ұлытау облыстық мәслихатының 2023.06.10. № 67 шешімімен (2023 ж. 24 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); Ұлытау облыстық мәслихатының 2024.05.07. № 146 шешімімен (2024 ж. 2 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) қағида жаңа редакцияда
Ұлытау облыстық мәслихатының
II сессиясының
2023 жылғы 18 мамырдағы
№ 26 шешіміне
қосымша
Ұлытау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы
1-тарау. Жалпы ережелер