Арыс қаласының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы
Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 31/181-VIII шешiмi
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8 бабының 1) тармақшасына сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Арыс қаласының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасы | Қ. Ахметов |
Арыс қалалық мәслихатының
2025 жылғы 24 сәуірдегі
№ 31/181-VІІІ шешімімен бекітілген
Арыс қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған жоспары
Осы Арыс қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған жоспар (бұдан әрі-жоспар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2017 жылғы 20 ақпандағы № 47-VІ ҚРЗ «Жайылымдар туралы» Заңдарына, Мемлекеттік статистика туралы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы № 257-IV Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 29 шілдедегі № 263 «Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспарды бекіту туралы» бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 29 шілдеде № 34831 болып тіркелді), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 11064 нөмірімен тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді.