Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің м.а. 2013 жылғы 29 қарашадағы № 363-Ө бұйрығы
(2025.28.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2025 жылғы 1 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы 9-бабы 1-тармағы 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015.25.12. № 18-04/1125 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2023.01.12. № 341 бұйрығымен (2023 ж. 19 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025.15.10. № 276 бұйрығымен (2025 ж. 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қоса беріліп отырған әкімшілік деректер жинауға арналған нысандар:
1) орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы бақылау-инспекциялық қызмет туралы мәліметтер осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы бақылау-инспекциялық қызмет жөніндегі жиынтық ақпарат осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) браконьерлікпен күрес туралы мәліметтер осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы қызметі жөніндегі мәліметтер осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) жануарлар дүниесін аулау туралы мәліметтер осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
6) жануарлар дүниесін есепке алу туралы мәліметтер осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес бекітілсін.