«Астана қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 11 желтоқсанындағы № 243/32-VIII шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 12 маусымдағы № 298/38-VIII шешімі
Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Астана қаласының мәслихатының «Астана қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2024 жылғы 11 желтоқсанындағы № 243/32-VIII шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Астана қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кiрiстер - 1 547 751 712 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер бойынша - 1 032 000 000 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер бойынша - 19 335 568 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 15 200 000 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 481 216 144 мың теңге;
2) шығындар - 1 249 430 474,6 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу - 20 600 230 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттік кредиттер - 21 560 000 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 959 770 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо - 359 212 826 мың теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерiн сатып алу - 359 212 826 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - (-81 491 818,6) мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 81 491 818,6 мың теңге;
7) қарыздар түсімдері - 14 155 399 мың теңге;
8) қарыздарды өтеу - (-19 755 075) мың теңге;
9) бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 87 091 494,6 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Астана қаласының жергілікті атқарушы органының 2025 жылға арналған резерві 5 500 000 мың теңге сомасында бекітілсін.».
Көрсетілген шешімнің 1, 4, 6, 9, 12, 15, 18, 21 - қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 - қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Астана қаласы мәслихатының төрағасы | Т. Зейнұлқабден |
Астана қаласы мәслихатының
2025 жылғы 12 маусымдағы