Астана қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы
Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 11 желтоқсандағы № 243/32-VIII шешімі
(2025.28.11. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Астана қаласы мәслихатының 2025.18.03. № 278/35-VIII шешімімен (2025 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.12.06. № 298/38-VIII шешімімен (2025 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.28.11. № 345/46-VIII шешімімен (2025 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Астана қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кiрiстер - 1 447 481 392 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер бойынша - 952 000 000 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер бойынша - 11 165 248 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 3 100 000 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 481 216 144 мың теңге;
2) шығындар - 1 134 463 550,6 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу - 20 569 474 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттік кредиттер - 21 560 000 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 990 526 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо - 357 519 515 мың теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерiн сатып алу - 357 519 515 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - (-65 071 147,6) мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 65 071 147,6 мың теңге;
7) қарыздар түсімдері - 5 000 000 мың теңге;
8) қарыздарды өтеу - (-27 020 347) мың теңге;
9) бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 87 091 494,6 мың теңге.
2. 2025 жылға республикалық бюджетке бюджеттiк алу 74 573 219 мың теңге сомасында қарастырылсын.
3. «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап: