Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалалар бойынша сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаменттерінің рейтингін айқындау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция бірінші вице-министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 5 шілдедегі № 266-НҚ бұйрығы
(2024.12.06. берілген өзгерістермен)
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса ұсынылған Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалалар бойынша сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаменттерінің рейтингін айқындау әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция бірінші вице-министрінің міндетін атқарушы | Қ. Балықбаев |
ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрінің 2023.05.10. № 365-НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрінің 2024.12.06. № 244-НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара) әдістеме жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
бірінші вице-министрінің
міндетін атқарушының
2023 жылғы 5 шілдедегі
№ 266-НҚ бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің облыстар және
Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша сауда және
тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттерінің рейтингін айқындау
әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер