«Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалалар бойынша сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаменттерінің рейтингін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция бірінші вице-министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 5 шілдегі № 266-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция бірінші вице-министрінің 2023 жылғы 5 қазандағы № 365-НҚ бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-ші тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалалар бойынша сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаменттерінің рейтингін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция бірінші вице-министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 5 шілдегі № 266-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалалар бойынша сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаменттерінің рейтингін айқындау әдістемесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Бірінші вице-министр | А. Бижанова |
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
бірінші вице-министрінің
2023 жылғы 5 қазандағы
№ 365-НҚ бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
бірінші вице-министрінің
міндетін атқарушының
2023 жылғы 5 шілдегі
№ 266-НҚ бұйрығымен бекітілген