Ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 7-1/1130 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 802 бірлескен бұйрығы
(2023.05.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 8 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2022.26.08. № 273 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2022.27.08. № 61 бірлескен бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2023.15.02. № 62 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023.15.02. № 21 бірлескен бұйрығымен (2023 ж. 5 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6-тармақтарына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2018.13.12. № 508 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018.13.12. № 102 бірлескен бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020.10.02. № 47 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020.10.02. № 9 бірлескен бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2023.15.02. № 62 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023.15.02. № 21 бірлескен бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 5 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ірі қара малдарды (1000 шартты бастан бастап және одан жоғары) өсіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерге қатысты ветеринария саласындағы тексеру парағы;