Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 497-п бұйрығы
(2024.01.10. берілген өзгерістермен)
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 112-Ө бұйрығымен күші жойылды
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2023.04.12. № 343-ө бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 24 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2023.04.12. № 343-ө бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 24 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің арнайы су көлік құралдарының заттай нормалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары;