Робототехниканы дамыту және STEAM, бағдарламалау жөніндегі кеңесті құру туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 474 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 236) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Робототехниканы дамыту және STEAM, бағдарламалау жөніндегі кеңес осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрылсын (бұдан әрі - Кеңес).
2. Кеңестің ережесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитеті (Г.Р. Кәрімова) Кеңестің жұмысын ұйымдастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін вице-министрге жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы 24 қарашадағы
№ 474 бұйрығына
1-қосымша
Робототехниканы дамыту бойынша,
STEAM және бағдарламалау жөніндегі кеңестің құрамы
| № | Т.А.Ә. | Лауазымы |
| 1 | Кәрімова Гүлмира Райынбекқызы | Орта білім беру комитетінің төрағасы - төраға |
| 2 | Унайбеков Ануар Ерболұлы | «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК директоры - төрағаның орынбасары |
| 3 | Жұмагелді Нұрлан Мұғинұлы | «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК директорының орынбасары - хатшысы |
| 4 | Шер Раиса Петровна | «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК директоры - кеңестің мүшесі |
| 5 | Күнғожин Алмас Мухамбетұлы | «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ директоры - кеңестің мүшесі |
| 6 | Ахметжанова Аида Амантайқызы | «Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» РМК вице-президенті - кеңестің мүшесі |
| 7 | Мухамеджанова Асель Зейнулловна | «Өрлеу» БАҰО АҚ Басқарма төрағасы (келісім бойынша) - кеңестің мүшесі |
| 8 | Абилов Рустам Жұмабекұлы | «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ департаментінің директоры - кеңестің мүшесі (келісім бойынша) |