Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі №2/18 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақтау қаласында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2022 жылғы 31 наурыздағы № 12/100 шешімі
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 12/76 шешімімен күші жойылды
ШЕШТІ:
1. Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақтау қаласында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 2/18 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4501 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақтау қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ақтау қалалық мәслихатының хатшысы | С. Закенов |
Ақтау қалалық мәслихатының
2022 жылғы 31 наурыздағы
№ 12/100 шешіміне қосымша
Маңғыстау облысы Ақтау
қалалық мәслихатының
2021 жылғы 16 сәуірдегі
№2/18 шешіміне
1 қосымша
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақтау қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер