ҚР СТ ГОСТ Р 50551-2007
Тұрмыстық химия тауарлары
Белсенді хлорды анықтау әдісі
(ГОСТР 50551:1993, IDT)
Мазмұны
1. Қолданылу саласы
2. Нормативтік сілтемелер
3. Аппаратура, реактивтер мен ерітінділер
4. Талдауға дайындық
4.1 Сынамаларды іріктеу
4.2 Сынаманы талдауға дайындау
5. Талдау жүргізу
6. Нәтижелерді өңдеу
1. Қолданылу саласы
Осы стандарт 0,20-дан 8,0%-ға дейін (3,0-тен 200,0 г/дм3-ге дейін) қоса белсенді хлордың салмақтық үлесін (салмақтық шоғырын) анықтау әдісін белгілейді.
Әдіс негізі қосылған белсенді хлордан тұратын йодты калийдің өзара әрекеті мен оны күкірт қышқылды натрий ерітіндісімен титрлеу жағдайында еркін йодты бөліп шығару болып табылады.
Стандарт құрамында бірдей уақытта өзге де тотықтырғыштар болатын тұрмыстық химия тауарларына таратылмайды.
2. Нормативтік сілтемелер
Осы стандартта мынадай стандарттарға сілтемелер пайдаланылды:
ГОСТ 1770-74 Зертханалық өлшемді шыны ыдыс. Цилиндрлер, өлшектер, құтылар, сынауықтар. Жалпы техникалық шарттар.
ГОСТ 4204-77 Реактивтер. Күкірт қышқылы. Техникалық шарттар.
ГОСТ 4232-74 Реактивтер. Йодты калий. Техникалық шарттар.
ГОСТ 4919.1-77 Реактивтер және ерекше таза заттар. Индикатор ерітінділерін дайындау әдістері.
ГОСТ 6709-72 Дистиллденген су. Техникалық шарттар.
ГОСТ 9147-80 Зертханалық кәрлен ыдыс және жабдық. Техникалық шарттар.
ГОСТ 10163-76 Реактивтер. Еритін крахмал. Техникалық шарттар.
ГОСТ 24104-2001 Зертханалық таразы. Жалпы техникалық шарттар.
ГОСТ 25336-82 Зертханалық шыны ыдыс және жабдық. Түрлері, негізгі параметрлері мен өлшемдер.
ГОСТ 25794.2-83 Реактивтер. Тотықтырғыш-қалпына келтіру титрлеу үшін титрленген ерітінділерді дайындау әдістері.
ГОСТ 27068-86 Реактивтер. 5-сулы күкірт қышқылды натрий (натрий тиосульфаты). Техникалық шарттар.
ГОСТ 29227-91 Зертханалық ыдыс. Градусталған тамшуырлар. 1-бөлім. Жалпы талаптар.
ГОСТ 29251-91 Зертханалық шыны ыдыс. Өлшеуірлер. 1-бөлім. Жалпы талаптар.
3. Аппаратура, реактивтер мен ерітінділер
ГОСТ 24104 бойыша ең жоғарғы өлшеу шегі 200 г ВЛР-200 г типті немесе өзге дәлдік сыныбы 2 жалпы арналған зертханалық таразы.
ГОСТ 25336 бойыша СВ-34/12 стакан.
ГОСТ 29251 бойынша 1-2-25-0,1 өлшеуір.
ГОСТ 1770 бойынша 1-50, 1-100 цилиндр.
ГОСТ 1770 бойынша 1-250-2 құты.
ГОСТ 29227 бойынша 2-2-1, 2-2-10, 2-2-25 тамшуыр
Сағат.
ГОСТ 25336 бойынша Кн-1-250 ТХС құты.