«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының тізіліміне білім беру бағдарламаларын енгізу және шығару алгоритмін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 4 желтоқсандағы № 665 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 536 бұйрығы
Жоғары оқу орындарында іске асырылатын білім беру бағдарламаларын есепке алудың бірыңғай ақпараттық ортасын қалыптастыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының тізіліміне білім беру бағдарламаларын енгізу және шығару алгоритмін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 4 желтоқсандағы № 665 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының тізіліміне білім беру бағдарламаларын енгізу және шығару алгоритмі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ә.Ж. Тойбаев):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты жоғары оқу орындарының назарына жеткізсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 536 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 665 бұйрығына
қосымша
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының
тізіліміне білім беру бағдарламаларын енгізу және шығару
алгоритмі
1. Жалпы ережелер