Аяқ киім тауарларын бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалау мен қадағалау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 518 бұйрығы
Осы редакция 2022 жылғы 27 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Аяқ киім тауарларын бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалау мен қадағалау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі | Б. Атамкулов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министірінің
2021 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 518 бұйрықпен бекітілген
Аяқ киім тауарларын бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалау және қадағалау
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер