Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 34 бұйрығы
(2023.01.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2021.03.12. № 42 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2022.27.08. № 19 бұйрығымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Еңбек бойынша есеп» (индексі 1-Т, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Еңбек бойынша есеп» (индексі 1-Т, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Еңбек бойынша есеп» (индексі 1-Т, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Еңбек бойынша есеп» (индексі 1-Т, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық;