«Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № А-8/348 Қаулысы
(2016.15.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 21 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабындағы 3-тармағына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса ұсынылып отырған «Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.М. Отаровқа жүктелсін.
3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күннен кейін, бірақ «Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шарашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 4-1/428 бұйрығы күшіне енгеннен бұрын емес қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімінің міндетін атқарушы | Қ. Отаров |
Ақмола облысы әкімдігінің 2016.15.06. № А-7/292 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 23 шілдедегі
№ А-8/348 қаулысымен бекітілді
«Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер