Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын
мемлекеттік мекемелердің атқару құжаттарын атқаруының тәртібі
туралы Нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі 1999 жылғы 14 сәуірдегі № 151 Бұйрығы
(2000.12.05. берілген өзгерістерімен)
ҚР Қаржы министрінің 2006.16.08. № 304 бұйрығымен күші жойылды
1. Қоса берiлiп отырған мына құжаттар бекітілсiн:
- республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердiң атқару құжаттарын атқаруының тәртібі туралы Нұсқаулық;
- соттардың бюджеттік қаражат жөніндегі шешiмдерiн атқару жөніндегі құжаттарды тiркеу журналы (Нұсқаулыққа 1-қосымша);
- соттардың ақылы қызметтер көрсетуден түсетiн қаражат шоттары бойынша шешiмдерiн атқару жөніндегі құжаттарды тiркеу журналы (Нұсқаулыққа 2-қосымша).
2. Қазынашылық комитетi, қазынашылықтың аумақтық органдары мен қаржылық органдар, мемлекеттік мекемелер, инкассалық өкiмдердi және атқару құжаттарын атқару кезiнде осы Нұсқаулықты басшылыққа алсын.
3. Заң қызметi департаментi (Қанатбеков Ғ.ЬI.) осы Нұсқаулықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
4. Күшi жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң 1997 жылғы 19 наурыздағы № 74 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң кассалық атқарылуы жөніндегі Уақытша нұсқаулықтың 80-тармағы;
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң 1999 жылғы 11 наурыздағы № 91 бұйрығы.
5. Осы бұйрық ол Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Қаржы министрі
Қазақстан Республикасы