Арнайы салық режимінде көзделген өтініштер мен патенттер нысандарын
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің
2001 жылғы 16 қарашадағы № 1554 бұйрығы
(ҚР Қаржы министрлігі салық комитетінің 20.04.03 ж. № 182
бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2006.25.12. № 657 Бұйрығымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мына нысандар бекітілсiн:
1) № 1 қосымшаға сәйкес оңайлатылған декларация негiзiнде арнайы салық режимiн қолдану туралы өтiнiш;
2) № 2 қосымшаға сәйкес жеке кәсiпкерлерге арналған арнайы салық режимiн қолдануға патент;
3) № 3 қосымшаға сәйкес шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнайы салық режимiн қолдануға өтiнiш;
4) № 4 қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнайы салық режимiн қолдануға патент.
2. Өндірістік емес төлемдер департаменті (Тілеумұратов Ю.):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келіссін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Өндірістік емес төлемдер департаментіне (Тілеумұратов Ю.) жүктелсін.
4. осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.
Министрдің м.а. Қ. Нүрпеисов
Қазақстан Республикасының
Қаржы Министрі келісті
2001 жылғы 21 қараша
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кiрiс Министрінің
2001 жылғы 16 қараша
№ 1554 бұйрығына
№ 1 қосымша
Оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолдану туралы
ӨТІНІШІ
1. СТН
2. Жеке кәсіпкердің аты-жөні/заңды тұлғаның атауы____________________________
_______________________________________________________________________
3. Мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік:
3.1. сериясы_________3.2.№________3.3. берілген күні 200__ж. “__”___________
4. ҚҚС бойынша есепке қойылғаны туралы куәлік: