Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына бақылау жасау құқығын иемденуге
рұқсат беру ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі Басқармасының 2002 ж. 3 маусымдағы N 207 қаулысы
Осы редакция ҚР ҰБ Басқармасының 2003 ж. 2 желтоқсандағы N 416 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Сақтандыру қызметi туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126-II ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына бақылау жасау құқығын иемденуге рұқсат беру ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
3. Банктердi және сақтандыруды қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне және аумақтық филиалдарына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жiберсiн.
4. Осы қаулы күшiне енгiзiлген күннен бастап сақтандыру (қайта сақтандыру) Ұйымына бақылау жасау құқығын иемденуге рұқсат беру ережесi қолданылатын тұлғалар 90 күнтiзбелiк күн iшiнде сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға көрсетiлген мерзiм iшiнде растау құжаттарын ұсына отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына бақылау жасау құқығын иемденуге рұқсат беру туралы, не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс берушi акцияларын тiкелей немесе аффилиирленген тұлғалар арқылы иелену, пайдалану және басқару үлесін бес проценттен төмен деңгейге дейін азайту туралы өтініш беруге міндетті.