Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге
асыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының 2003 жылғы 29 шілдедегі N 264 қаулысы
(ҚР ҰБ Басқармасының 26.12.03 ж. N 488; ҚР ҚҚА Басқармасының 12.07.04 ж. N 202
қаулыларымен қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 382 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеуді жетілдіру мақсатында, сондай-ақ "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2002 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының күшіне енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесі (1-қосымша) бекітілсін.
2. Осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.