Все сервисы
Zanger
Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 13 ақпандағы № 160 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 335 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15031 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
«Сот сарапшысы біліктілігін беру қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 15) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес» БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Сот сарапшысы біліктілігін беру қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын».
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихан қабылдау қағидаларында:
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
«Сот сарапшысы біліктілігін беру қағидалары»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидалары, осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Сот сарапшыларын аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 336 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15033 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:»
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 18) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес» БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сарапшыларын аттестаттау қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Документ не введен в действие
Демо – версия документа