Все сервисы
Zanger
«Сот сарапшысы біліктілігін беру қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 335 бұйрығы
(2026.01.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Әділет министрінің 2026.13.02. № 160 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Әділет министрінің м.а. 2020.21.05. № 43 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Әділет министрінің 2026.13.02. № 160 бұйрығымен (2026 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
Сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 15) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Әділет министрінің 2026.13.02. № 160 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Сот сарапшысы біліктілігін беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптамалық қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Демо – версия документа