Все сервисы
Qarzhy
2026-2028 жылдарға арналған Қызылорда қаласының бюджетін бекіту туралы
Қызылорда қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 314-45/1 шешімі
(2026.03.03. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 91-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Қызылорда қалалық мәслихатының 2026.30.01. № 344-48/1 шешімімен (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.03.03. № 359-50/1 шешімімен (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджет 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 149 654 593,2 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 61 939 728,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 689 500,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 9 150 574,0 мың теңге;
трансферттер түсімі - 77 874 791,2 мың теңге;
2) шығындар - 141 146 650,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - -1 254 519,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 259 500,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 1 514 019,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 9 762 461,8 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - - 9 762 461,8 мың теңге;
қарыздар түсімі - 15 799 172,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 26 011 761,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 450 127,2 мың теңге.
2. 2026 жылға Қызылорда қаласы бюджетіне кірістерді бөлу нормативі төмендегідей болып белгіленсін:
103.101 «Әлеуметтік салық» коды бойынша қалалық бюджетке 0 пайыз, облыстық бюджетке 100 пайыз.
3. 2026 жылға арналған қала бюджетінен облыстық бюджетке берілетін бюджеттік алып қою көлемі 22 876 722,0 мың теңге сомасында көзделсін.
Демо – версия документа