Все сервисы
Qarzhy
«2026-2028 жылдарға арналған Қызылорда қаласының бюджетін бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №314-45/1 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қызылорда қалалық мәслихатының 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 344-48/1 шешімі
Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылорда қалалық мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 314-45/1 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджет 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 137 699 368,8 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 61 939 728,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 689 500,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер -9 150 574,0 мың теңге;
трансферттер түсімі - 65 919 566,8 мың теңге;
2) шығындар - 113 651 754,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - -1 254 519,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 259 500,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 1 514 019,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 25 302 133,8 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - - 25 302 133,8 мың теңге;
қарыздар түсімі - 259 500,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 26 011 761,0 мың теңге;»;
1-тармақ мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 450 127,2 мың теңге.».
Аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қызылорда қалалық мәслихатының төрағасы | И. Құттықожаев |
Қызылорда қалалық мәслихатының
2026 жылғы 30 қаңтардағы
№ 344-48/1 шешіміне қосымша
Қызылорда қалалық мәслихатының
2025 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 314-45/1 шешіміне 1-қосымша
Демо – версия документа