Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары мен Ұлттық пошта операторы үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 22 наурыздағы № 18 Қаулысы
(2026.05.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы Қаулыға өзгерістер енгізу туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 20 сәуірдегі № 74 Қаулысын қараңыз (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021.15.03. № 48 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.12.09. № 69 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024.27.12. № 89 Қаулысымен (2025 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.12.12. № 78 Қаулысымен (2026 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 3-2-тармағына, «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021.15.03. № 48 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.12.09. № 69 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда