Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі
оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің 1999 ж. 22 қаңтардағы N 29 Жарлығы
(ҚР Президентінің 15.07.99 ж. N 171; 30.12.99 ж. N 320; 04.02.00 ж. N
331; 12.10.00 ж. N 471; 20.12.00 ж. N 517; 22.01.01 ж. N 536; 31.01.01
ж. N 544;09.07.01 ж. N 653; 13.11.01 ж. N 720; 21.03.02 ж. N 825;
05.08.02 ж. N 916; 29.08.02 ж. N 939; 10.12.02 ж. N 992;
28.03.03 ж. N 1050; 23.04.03 ж. N 1073; 23.03.04 ж. N 1317;
14.05.04 ж. N 1367; 05.07.04 ж. N 1400; 02.08.04 ж. N 1413
Жарлықтарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Президентінің 2004 ж. 1 желтоқсандағы N 1477 Жарлығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында қаулы етемін:
ҚР Президентінің 15.07.99 ж. N 171 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді
1. Республикалық бюджет есебінен қамтылған мемлекеттік органдардың штат саны 1-3-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдардың босатылатын қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген әлеуметтік кепілдіктер мен өтемдер беріледі деп белгіленсін.
3. Қосымшаларда аталған мемлекеттік органдар өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қолдансын.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы
Президентінің
1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29
Жарлығына
1-қосымша
ҚР Президентінің 04.02.00 ж. N 331; 12.10.00 ж. N 471; 20.12.00 ж. N 517; 31.01.01 ж. N 544; 13.11.01 ж. N 720; 21.03.02 ж. N 825; 05.08.02 ж. N 916; 29.08.02 ж. N 939; 10.12.02 ж. N 992; 23.03.04 ж. N 1317; 14.05.04 ж. N 1367; 05.07.04 ж. N 1400; 02.08.04 ж. N 1413 Жарлықтарымен 1-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының республикалық бюджет есебінен
қамтылған жекелеген мемлекеттік органдарының штат саны
| Саны Барлығы |
Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының аппараты | 379 |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы арнаулы өкілінің аппараты | 331 6 |
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы | 149 |
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің аппараты | 22 |
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің аппараты | 31 |
Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы | 29 |
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты | 164 |
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігі | 31 |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі соның ішінде аумақтық органдар | 164 120 |
Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық | 14 |
Қазақстан РеспубликасыныңТабиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі оның ішінде аумақтық органдар | 573 408 |
Қазақстан Республикасы
Президентінің
1999 жылғы
22 қаңтардағы N 29
Жарлығына
2-қосымша
ҚР Президентінің 30.12.99 ж. N 320; 09.07.01 ж. N 653; 28.03.03 ж. N 1050 (бұр. ред. қара) Жарлықтарымен 2-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы Прокуратурасының
Штат саны
Қазақстан Республикасының Прокуратурасы | 5474 |
соның ішінде: | |
Бас прокуратура | 260 |
Прокуратура органдары | 4573 |
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитет | 107 |
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитеттiң аумақтық органдары | 534 |
ҚР Президентінің 15.07.99 ж. N 171; 12.10.00 ж. N 471; 22.01.01 ж. N
536 Жарлықтарымен 3-қосымша өзгертілді; ҚР Президентінің 21.03.02 ж. N 825
Жарлығымен23.04.03 ж. N 1073; 23.03.04 ж. N 1317 Жарлықтарымен
3-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Президентінің 1999 жылғы
22 қаңтардағы N 29 Жарлығына
N 3-қосымша