Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы арасында міндеттерді бөлу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 11 қаңтардағы № 3-ө Өкімі (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы арасында міндеттерді бөлу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 11 қаңтардағы № 3-ө Өкімі (күші жойылды)

Документ входит в комплект(ы):

Эксперт, Мастер, СтройМастер, Юрист-VIP

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің орынбасарлары және
Премьер-Министрi Кеңсесінiң Басшысы арасында мiндеттердi бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 11 қаңтардағы № 3-ө Өкімі

 

ҚР Премьер-Министрінің 2006.23.02. № 32-ө Өкімімен күші жойылды

 

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы арасында мiндеттердi бөлу бекітілсiн.

2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 344-ө өкімінің күші жойылды деп танылсын.

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі

Д. Ахметов

Қазақстан Республикасы   

Премьер-Министрінің    

2005 жылғы 11 қаңтардағы  

№ 3-ө өкімімен      

бекітілген 

       

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі,
Премьер-Министрінің орынбасарлары және
Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы арасында
МIНДЕТТЕРДI БӨЛУ

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi

Д.К.Ахметов

 

Үкiметтiң қызметiне басшылық жасау.

Қазақстан Республикасының Президентiмен, сондай-ақ Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен және басқа да конституциялық органдармен қатынастарда Үкiметтiң атынан өкiлдiк ету.

Мемлекетаралық қатынастар мен халықаралық ынтымақтастық мәселелерi.

Экономикалық және қаржы саясаты, қорғаныс, құқық тәртібі, мұнай-газ секторын дамыту мәселелерi.

Үкiметтiң кадр мәселелері.      Сыртқы iстер министрлiгінiң, Қорғаныс министрлігінiң, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің , Қаржы министрлігінің, Көлiк және коммуникация министрлігінің,  Iшкi iстер министрлігінiң, Әдiлет министрлiгінiң, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгiнiң (қаржы полициясы) қызметiн жалпы бақылау.

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С.Есімов

 

Экономиканы жедел басқару, өңiрлiк және аграрлық саясат, жұмылдыру дайындығы, әлеуметтiк саясат және әлеуметтiк әрiптестiк, Республикалық үш жақты комиссияға басшылық жасау мәселелерi.

Ауыл шаруашылығы министрлігінiң, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң, Төтенше жағдайлар министрлігінiң, Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгінiң, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң, Білім және ғылым министрлігінiң, Денсаулық сақтау министрлігінiң, Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң, Жер ресурстарын басқару агенттiгiнiң қызметiн жалпы бақылау.

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары -

Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi

С.М.Мыңбаев

 

Индустриялық, технологиялық және инвестициялық саясат, Қазақстанның Дүниежүзiлiк сауда ұйымына енуi мәселелерi

ТМД елдерiмен және олардың ықпалдастық бiрлестiктерiмен өзара қатынастар мәселелерi.

Индустрия және сауда министрлігіне басшылық жасау.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi

Кеңсесiнiң Басшысы

А.А.Тілеубердин

 

Үкiметтiң шешiмдерiн дайындау және олардың орындалуын ұйымдастыру бөлігінде орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ведомстволардың мемлекеттік және орындаушылық тәртiптi сақтау, мемлекеттік құпияларды қорғау, мемлекеттік органдарды ақпараттандыру және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi жөніндегі қызметiн үйлестiру.

Үкiметтiң кадр саясатын iске асыру жөнiндегі жұмысты ұйымдастыру.

Үкiметтiң өңiрлiк саясатын iске асыру жөнiндегі жұмысты ұйымдастыру, Үкiметтің облыстар әкiмдерiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету.

Премьер-Министр Кеңсесiнiң Президент Әкiмшiлiгiмен және Парламент палаталары аппараттарымен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету.

Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiнiң, Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң, Статистика агенттiгiнiң қызметiн жалпы бақылау.

Документ утратил силу
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!