Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы арасында міндеттерді бөлу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 344-ө Өкімі (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы арасында міндеттерді бөлу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 344-ө Өкімі (күші жойылды)

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің
орынбасарлары және Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы арасында
міндеттерді бөлу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
2004 жылғы 24 қарашадағы № 344-ө Өкімі

ҚР Премьер-Министрінің 2005 жылғы 11 қаңтардағы № 3-ө Өкімімен күші жойылды

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы арасында міндеттерді бөлу бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 2 маусымдағы № 165-ө өкімінің күші жойылды деп танылсын.

Премьер-Министр

 

 

 

 

 

 

 

 

Д.К. Ахметов

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

2004 жылғы 24 қарашадағы

№ 344-ө өкімімен

бекітілген

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі,

Премьер-Министрінің орынбасарлары және

Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы арасында

МІНДЕТТЕРДІ БӨЛУ

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Д.К.Ахметов

Үкіметтің қызметіне басшылық жасау.

Қазақстан Республикасының Президентімен, сондай-ақ Парламентпен, Конституциялық кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен және басқа да конституциялық органдармен қатынастарда Үкіметтің атынан өкілдік ету.

Мемлекетаралық қатынастар мен халықаралық ынтымақтастық мәселелері.

Экономикалық және қаржы саясаты, қорғаныс, құқықтық тәртіп, мұнай-газ секторын дамыту мәселелері.

Үкіметтің заң шығару қызметін үйлестіру.

Республикалық бюджет комиссиясының және Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің жұмысына басшылық жасау.

Үкіметтің кадр мәселелері.

Сыртқы істер министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің, Қаржы министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, Әділет министрлігінің, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) қызметін жалпы бақылау.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

Б.С.Әйтімова

Әлеуметтік даму, ұлтаралық қатынастар, Денсаулық сақтауды реформалау және дамыту мемлекеттік бағдарламасын, Білім берудің мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелері.

Әлеуметтік әріптестік, Республикалық үш жақты комиссияға басшылық жасау мәселелері.

Мемлекеттік органдардың халықты әлеуметтік қамсыздандыру, демография және көші-қон, білім беруді, ғылымды, ақпаратты, мәдениетті, денсаулық сақтау мен спортты дамыту мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінің, Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің, Денсаулық сақтау министрлігінің қызметін жалпы бақылау.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

А.С.Есiмов

Экономиканы жедел басқару, өңірлік саясат, Қазақстан Республикасының мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасын, Ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын iске асыру мәселелерi.

Мемлекеттік органдардың ауыл шаруашылығын және агроөнеркәсiптiк кешендi, жер және су қатынастарын дамыту, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану мәселелерi жөніндегі қызметiн үйлестiру.

Төтенше жағдайлар, жұмылдыру жұмысы мәселелерi.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлiгінiң, Жер ресурстарын басқару агенттігiнiң, Статистика агенттiгiнің қызметін жалпы бақылау.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

С.М.Мыңбаев

Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын, Тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, инвестициялық саясатты iске асыру мәселелері.

Мемлекеттік органдардың өндiрiстік саланы, инфрақұрылым мен жаңа технологияларды, туризмдi дамыту, мемлекеттік органдарды ақпараттандыру, монополистiк қызметтi шектеу және бәсекелестікті қорғау мәселелерi жөнiндегі қызметін үйлестіру.

Экспорттық бақылау, табиғи монополияларды реттеу мәселелерi.

ТМД елдерiмен және олардың ықпалдастық бiрлестiктерімен өзара қатынастарды үйлестiру, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуi мәселелерi.

Meмлекеттік даму институттарының (Қазақстанның Даму Банкi, Инвестициялық қор, Инновациялық қор, Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі корпорация және басқалары) қызметiн үйлестіру.

Индустрия және сауда министрлiгінің, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң, Көлiк және коммуникация министрлігінiң, Ақпараттандыру және байланыс агенттігінiң, Табиғи монополияларды реттеу агенттігiнiң қызметiн жалпы бақылау.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi

Кеңсесінің Басшысы

А.А.Тілеубердин

Yкiметтiң шешімдерiн дайындау және олардың орындалуын ұйымдастыру бөлiгінде орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ведомстволардың мемлекеттік және орындаушылық тәртiпті сақтау, мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi жөніндегі қызметiн үйлестiру.

Үкiметтің кадр саясатын iске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.

Үкіметтiң өңiрлік саясатын iске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, Yкiметтің облыстар әкiмдерiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету.

Премьер-Министр Кеңсесінің Президент Әкiмшiлiгiмен және Парламент палаталары аппараттарымен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету.




















Документ утратил силу
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!