Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы арасында міндеттерді бөлу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 2 маусымдағы № 165-ө өкімі (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы арасында міндеттерді бөлу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 2 маусымдағы № 165-ө өкімі (күші жойылды)

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Қазақстан Республикасының Премьер-Mинистрi, Премьер-Министрінің
орынбасарлары және Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы арасында
мiндеттердi бөлу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
2004 жылғы 2 маусымдағы № 165-ө өкімі

ҚР Премьер-Министрінің 24.11.04 ж. № 344-ө өкімімен күші жойылды

1. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы арасында мiндеттердi бөлу бекітiлсiн.

2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 26 сәуірдегі № 120-ө өкімінiң күшi жойылды деп танылсын.

Премьер-Министр

Д.К. Ахметов

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

2004 жылғы 2 маусымдағы

№ 165 өкімімен

бекітілген

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Премьер-Министрінің

орынбасарлары және Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы арасында

Міндеттерді бөлу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Д.К.Ахметов

Yкiметтiң қызметiне басшылық жасау.

Қазақстан Республикасының Президентiмен, сондай-ақ Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен және басқа да конституциялық органдармен қатынастарда Үкiметтiң атынан өкілдiк ету.

Мемлекетаралық қатынастар мен халықаралық ынтымақтастық мәселелерi.

Экономикалық және қаржы саясаты, қорғаныс, құқықтық тәртiп, мұнай-газ секторын дамыту мәселелерi.

Үкiметтiң заң шығару қызметiн үйлестiру.

Республикалық бюджет комиссиясының және Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің жұмысына басшылық жасау.

Yкiметтiң кадр мәселелерi.

Сыртқы iстер министрлігінiң, Қорғаныс министрлігінiң, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң, Қаржы министрлігінің, Iшкi iстер министрлігінiң, Әділет министрлігінiң, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiктiң (қаржы полициясы), Кедендiк бақылау агенттiгiнiң қызметiн жалпы бақылау.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.С.Әйтiмова

Әлеуметтiк даму, ұлтаралық қатынастар, Денсаулық сақтауды реформалау және дамыту мемлекеттік бағдарламасын, Білім берудiң мемлекеттік бағдарламасын iске асыру мәселелерi.

Әлеуметтiк әрiптестiк мәселелерi, Республикалық үш жақты комиссияға басшылық жасау.

Мемлекеттік органдардың халықты әлеуметтiк қамсыздандыру, білім берудi, ғылымды, ақпаратты, мәдениет пен денсаулық сақтауды дамыту мәселелерi жөніндегі қызметiн үйлестiру.

Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң, Білім және ғылым министрлiгінiң, Ақпарат министрлігінiң, Мәдениет министрлігінiң, Денсаулық сақтау министрлігінiң қызметiн жалпы бақылау.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің орынбасары А.С.Есiмов

Экономиканы жедел басқару, өңiрлiк саясат, ауылдық аумақтарды дамыту, Қазақстан Республикасының мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасын iске асыру мәселелерi.

Мемлекеттік органдардың ауыл шаруашылығын және агроөнеркәсiптiк кешендi, жер және су қатынастарын дамыту, табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау, көшi-қон және демография саясаты мәселелерi жөніндегі қызметiн үйлестiру.

Төтенше жағдайлар, экология, туризм мен спортты дамыту мәселелерi.

Ауыл шаруашылығы министрлiгінiң, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің, Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiктiң, Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiктiң, Көшi-қон және демография жөніндегі агенттiктiң, Туризм және спорт жөніндегі агенттiктiң, Статистика жөніндегі агенттiктiң қызметiн жалпы бақылау.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.M.Мыңбаев

Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын, Тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, инвестициялық саясатты iске асыру мәселелерi.

Мемлекеттік органдардың өндiрiстiк саланы, инфрақұрылым мен жаңа технологияларды дамыту, мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелерi жөніндегі қызметiн үйлестiру.

Мемлекеттік материалдық резервтер, экспорттық бақылау және жұмылдыру жұмысы мәселелерi.

ТМД елдерiмен және олардың ықпалдастық бiрлестiктерiмен өзара қатынастарды үйлестiру, Қазақстанның Дүниежүзiлiк сауда ұйымына енуi мәселелерi.

Мемлекеттік даму институттарының (Қазақстанның Даму Банкi, Инвестициялық қор, Инновациялық қор, Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі корпорация және басқалары) қызметiн үйлестiру.

Индустрия және сауда министрлігінiң, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң, Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң, Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiктiң, Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiктiң, Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттiктiң қызметiн жалпы бақылау.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы А.А.Тілеубердин

Үкiметтің шешiмдерiн дайындау және олардың орындалуын ұйымдастыру бөлiгінде орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ведомстволардың мемлекеттік және орындаушылық тәртiптi сақтау, мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауiпсiздіктi қамтамасыз ету мәселелерi жөніндегі қызметiн үйлестiру.

Үкіметтiң кадр саясатын iске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.

Yкiметтiң өңiрлiк саясатын iске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, Үкiметтiң облыстар әкiмдерiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету.

Премьер-Министр Кеңсесiнiң Президент Әкiмшiлiгiмен және Парламент палаталары аппараттарымен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету.

Документ утратил силу
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!