Мемлекеттік бюджет пен облыс бюджетiнiң, атқарылуы туралы есептердi жасау
мен ұсынудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 432 бұйрығы
Осы редакция Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 17 Бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне, Қазақстан Республикасы Президентінің "Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 17 қыркүйектегi № 1443 Жарлығына және "Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 14 қыркүйектегi № 959 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттік бюджет пен облыс бюджетiнiң, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы есептердi жасау мен ұсынудың тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсiн.
2. Мемлекеттік бюджеттi атқару департаментi (Л.П.Тхостова) заңнамада белгiленген тәртiппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелуiн және оның бұқаралық ақпарат кұралдарында кейiнгi жариялануын қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрық 2005 жылғы 1 қаңтардан бастан күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2004 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 432 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік бюджет пен облыс бюджетiнiң,
республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң
атқарылуы туралы есептердi жасау мен
ұсынудың тәртібі туралы нұсқаулық
1. Жалпы ережелер