“Қазақстан Республикасының кәсіптік орта оқу
орындарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
2005 жылғы 15 сәуірдегі № 244 Бұйрығы
Осы редакция 2005 ж. 13 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының кәсіптік орта оқу орындарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі бекітілсін.
2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (С.Б. Есбосынова) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Күшін жойған нормативтік құқықтық актілердің тізбесі бекітілсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К. Шәмшидиноваға жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2005 ж. 15 сәуірдегі
№ 244 бұйрығына қосымша
Күшін жойған нормативтік
құқықтық актілердің тізбесі
1. Мемлекеттік тіркеу тізіміндегі нормативтік құқықтық актілерде № 1245 тіркелген, "Білім және ғылым хабаршысы" журналының 2002 жылғы № 2-3 санында жарияланған "Қазақстан Республикасының кәсіптік орта оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің № 1245 тіркелген 2000 жылғы 10 шілдедегі № 707 бұйрығы.
2. Мемлекеттік тіркеу тізіміндегі нормативтік құқықтық актілерде № 1880 тіркелген, "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 10 шілдедегі № 707 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"»Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 16 мамырдағы № 393 бұйрығы.