Қазақстан Республикасының ауылдық (селолық) округтері, ауылдары
(селолық), кенттері әкімдерінің сайлауын өткізу туралы Қазақстан
Республикасы Президентінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 1484 Жарлығы
Осы редакция 2005 ж. 8 шілдедегі № 1613 жарлығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР жекелеген аудандары әкімдерінің сайлауын эксперимент ретінде өткізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 06.12.04 ж № 1485 Жарлығын қара
Қазақстандық қоғамды одан әрі демократияландыру мақсатында Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 4-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 36-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ауылдық (селолық) округтері, ауылдары (селолары), кенттері әкімдерінің сайлауын өткізу ережелері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы:
1) 2005 жылғы тамыздан бастап ауылдық (селолық) округтер, ауылдар (селолар), кенттер әкімдерінің сайлауын тағайындасын, ұйымдастырсын және өткізетін болсын, осы сайлауды 2007 жылы аяқтасын;
2) осы Жарлықта көзделген сайлау өткізілетін әкімшілік-аумақтық бірліктердің саны мен тізбесін облыстардың әкімдерімен бірлесіп айқындасын.
3. "Ауылдық (селолық) округтердің, ауылдар (селолар), кенттер әкімдерін сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 23 маусымдағы № 633 Жарлығының 1-тармағының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 21, 259-құжат).
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстардың әкімдері аталған әкімдер сайлауын ұйымдық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды қолдансын.
5. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2004 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 1484 Жарлығымен
ЕЕКIТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының ауылдық (селолық)
округтерi, ауылдары (селолары), кенттерi
әкiмдерінің сайлауын өткізудiң
ережелерi