“Әскери қызметшілерге, Ішкі істер органдары, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан еңбек
сіңірген жылдары үшін зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік
жәрдемақы төлеуді жүзеге асыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі 1999 жылғы 19 наурыздағы № 44 Бұйрығы
(ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2005.18.01. № 10-ө
Бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 7 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2005.18.01. № 10-ө Бұйрығымен (pecми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрықтың атауы өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңына өзгерістер енгізу туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 328-1, "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 1998 жылғы 16 желтоқсандағы 318-1 Заңдарына сәйкес, зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың бірыңғай есебін белгілеу мақсатында Бұйырамын:
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2005.18.01. № 10-ө Бұйрығымен (pecми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Әскери қызметшілерге, Ішкі істер органдары, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуді жүзеге асыру жөніндегі ұсынылып отырған Нұсқаулық бекітілсін.