Введите номер документа
Прайс-лист

«Донорды медициналық тексеру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 22 қыркүйектегі № 464 Бұйрығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 22 сентября 2005
Статус
Утратил силу
утратил силу с 23 апреля 2010

Донорды медициналық тексеру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 22 қыркүйектегі № 464 Бұйрығы

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 10 қарашадағы № 680 Бұйрығымен күші жойылды

 

"Қан мен оның компоненттерінің донорлығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Донорды медициналық тексеру ережесі бекітілсін.

2. Емдеу-алдын алу ісі департаменті (Нерсесов А.В.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі С.Ә. Диқанбаеваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Министр

 

Е. Досаев

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2005 жылғы 22 қыркүйектегі

№ 464 бұйрығымен бекітілген

 

Донорды медициналық тексеру ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы ереже "Қан мен оның компоненттерінің донорлығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және донорды медициналық тексеру тәртібін белгілейді.

2. Тиісті медициналық тексеруден өткен және қан тапсыру үшін денсаулығының жарамсыз көрсеткіштері жоқ, медициналық мақсаттар үшін қан мен оның компоненттерін тапсыруға ерікті түрде ниет білдірген он сегіз жастан алпыс жасқа дейінгі жеке тұлға донор болуға құқылы.

 

2. Донорларды қабылдау мен есепке алу тәртібі

 

3. Қан қызметі ұйымдарында донорларды қабылдау жеке басын куәландыратын құжаттардың негізінде жүргізіледі.

4. Жеке басын куәландыратын құжатты ұсынғаннан кейін донорға осы ол өз бетінше немесе медициналық тіркеушінің көмегімен толтырылатын сауалнама беріледі. Толтырылған сауалнама донордың есепке алу картасына салынады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом