Введите номер документа
Прайс-лист

«Қан мен оның компоненттерін донациялау алдында донорды медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 10 қарашадағы № 680 бұйрығы (2015.29.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 10 ноября 2009
Статус
Утратил силу
утратил силу с 3 мая 2019

Қан мен оның компоненттерін донациялау алдында донорды медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 10 қарашадағы № 680 бұйрығы

(2015.29.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № ҚР ДСМ-34 бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015.29.05. № 417 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 166-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015.29.05. № 417 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Қан мен оның компоненттерін донациялау алдында донорды медициналық зерттеп-қарау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

4. 2005 жылғы 22 қыркүйектің № 464 «Донорды қан мен оның құрамын тапсырар алдындағы медициналық тексеру ережесін бекіту туралы» бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3890 тіркелген және «Заң газеті» газетінде 2005 жылғы 24 қарашада № 154) күші жойылды деп танылсын.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.

6. Осы бұйрық оны алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом