Осы редакция 2005 ж. 28 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының
Кедендiк бақылау агенттiгi
төрағасының 2003 жылғы
15 мамырдағы № 209
бұйрығымен бекітілген
Кеден құнын түзетудiң нысандарын толтыру тәртібі
1. Кеден құнын түзетудiң нысандарын толтыруға қойылатын
жалпы талаптар
1. Осы Тәртiп Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлардың кедендiк құнының, кеден төлемдерi мен салықтарының, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасына (бұдан әрi - СЭҚ ТН) сәйкес тауардың коды өзгеруiне байланысты кеден құнын түзетудiң (бұдан әрi - КҚТ) нысандарын толтырудың тәртібін айқындайды. Кеден құнының және кеден төлемдерi мен салықтарының төленген сомаларының өзгеруiне әкеп соқтыратын тауар бойынша қандай да бiр деректердiң (салмақтық, мөлшерлiк, сапалық көрсеткiштер) өзгеруiне байланысты да КҚТ ресiмделедi.
2. КҚТ жиынтығы КҚТ-1 нысанының (осы Тәртiпке 1-қосымша) негiзгi брошюраланған төрт парағынан, ал осы Тәртiпте көзделген жағдайларда КҚТ-2 нысанындағы (осы Тәртiпке 2-қосымша) қосымша парақтардан тұрады.
КҚТ парақтары жүк кедендiк декларациясының (бұдан әрi - ЖКД) парақтарына сәйкес бөлiнедi.
3. КҚТ-1 (КҚТ-2) негiзгі парағы, егер мұндай тауарларға қатысты бiрдей кеден режимi белгiленсе бiр атаудағы тауарлар бойынша (субпозициядағы деңгейдегi СЭҚ ТН бойынша бiрдей жiктеу) кеден құнын, кеден төлемдерi мен салықтарын, СЭҚ ТН кодын түзету туралы деректердi көрсету үшiн пайдаланады.
Негiзгi парақтың бағандарын толтырудың жалпы ережесi ЖКД-ның тиiстi бағандарын толтыру ережелерiне ұқсас.