Әдiлет органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын
нормативтiк құқықтық актiлердi шығаруды, қолдануды, мемлекеттік тiркеу
мен жариялауды реттейтiн заңнаманы сақтау бойынша тексерулердi жүргiзу
жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасының Әділет
министрінің 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 48 бұйрығы
(2005.08.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2006 ж. 4 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Әділет министрінің 2005.08.02. № 36 бұйрығымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара)
"Әдiлет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 ережесiнiң 11-тармағына сәйкес, Әдiлет министрлігі мен оның аумақтық органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын нормативтiк құқықтық актiлердi шығаруды, қолдануды, мемлекеттік тiркеу мен жариялауды реттейтiн заңнаманы сақтау бойынша тексерулердi ұйымдастыру және жүзеге асыру мақсатында бұйырамын:
1. Қоса берiлiп отырған Әдiлет органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын нормативтiк құқықтық актiлердi шығаруды, қолдануды, мемлекеттік тiркеу мен жариялауды реттейтiн заңнаманы сақтау бойынша тексерулердi жүргiзу жөніндегі нұсқаулық бекітілсiн.
2. Осы бұйрық мемлекеттік тiркеу күнiнен бастап күшiне енедi.
ҚР Әділет министрінің 2005.08.02. № 36 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Әділет Вице-Министріне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрінің
2002 жылғы 3 сәуірдегі № 48
бұйрығымен бекітілген
Әдiлет органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік
органдарын нормативтiк құқықтық актiлердi шығаруды, қолдануды,
мемлекеттік тiркеу мен жариялауды реттейтiн заңнаманы сақтау
бойынша тексерулердi жүргiзу жөніндегі нұсқаулық
ҚР Әділет министрінің 2005.08.02. № 36 бұйрығымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара)